Астанаға 164 мың долларға сырттан гүл әкелінді

Келе жатқан мейрам құтты болсы, аяулы арулар! Кезекті хабарымызда мейрам қарсаңында Астанаға шетелден 14 тонна гүл әкелінгенін, үкіметтің өзі ислам құнды қағаздарын шығарып, жол көрсетпек ниетте екеніне және студенттердің ауруларына жатақханадағы жағдай мен дұрыс тамақтанбау себеп болып жатқанын хабарлаймын.
Алдағы демалыс сәтті өтсін!


код проигрывателя

Банкоматты қай тілде пайдаланасыз?

Екінші деңгейлі банктердің банкоматтарының қазақ тілін түсіну қиын. Ақша мәселесіне келгенде адамның алдында жауапкершілік те ұлғаяды. Қазақ тіліндегі нұсқасын түсіну мүмкін емес деген оймен аудармашының өзі Банкоматтың қазақшасын айналып өткенді қалайды. Бұл хабарда сонымен қатар, тағы мынадай тақырыптар қамтылады:
Барыс пен тигр деген монета айналымға шығарылды
Қазақ компаниясы шай қорабының сыртына Барак Обаманың елін масқаралапты
Банкоматты қай тілде қолданасыз? Қазақшасы қалай екен?
Microsoft-тың қазақ тіліндегі өнімдері сұранысқа ие емес


код проигрывателя

Vox News: Америка компаниясы қазақ баласын асырап алу қызметіне $30 мың сұрайды

"Дүниежүзі бойынша балаларын Халықаралық асырауға ұсынатын елдердің ішіне Қытай, Вьетнам, Қазақстан және соңғы уақытта Гватемала қосылды. Бұл елдердің барлығында бала асырап алуға қатысты заңдылықтар қатаң емес» дейді Уолф Муррей «Economist» басылымына берген түсініктемесінде.
Америкада да бала асырап алу қызметін ұсынатын компаниялардың бірі - For This Child, яғни осы бала үшін деп аталады. Аталған ұйымның ресми сайтында Қазақстаннан бала асырап алу үшін арнайы бағасын белгілеген. Осы және басқа да тақырыптарды бүгінгі "Vox news" жаңалықтарының таңғы хабарынан тыңдай аласыз.


код проигрывателя

Есімі қазақша жазылғандарға зейнетақы қорына ақша аударылмауда

Сұмдық көкесін естіп жатырмыз. Бұрын да менің СИК атты құжатымды көргенде бухгалтерлердің төбе шашы тік тұратын. Себебі аты-жөнім түгел қазақша. Сөйтсек, қазақ әріптерін кейбір банктер қабылдамай қоятын әдет бар екен. Мәселен, Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы бір топ кәсіпкерге бірнеше ай бойы ақша соның есебінен аударылмай келіпті. Бұл жолғы үнхабардың басты жаңалығы осы.


код проигрывателя

Қазақстанның электронды ақшасы шығарылмақ

Сәлем, достым! Кезекті хабарда төмендегідей тақырыптар қамтылады. Елімізде төл электронды ақша шығарылатыны жақсы болды. Енді интернет бизнестің де дамуына жаңа мүмкіндіктер ашылатын болады. Үнхабарларды үзбей тыңдап жүргеніңе рахмет!
Министрлік бюджет қызметкерлерінің айлығын көтеру үшін млрд. доллар іздеуде
Соңғы он айдың ішінде еуро құлдырап барады.
Елбасының жолдауын халыққа жеткізу үшін билік 1 млрд. теңге бөлмек.
Елімізде төл интернет ақша шығарудың алғышарттары әзірленуде


код проигрывателя

Елімізде 70 асқандарды өлілер қатарына жатқызатын заң бар екен

Кезекті үнхабарды жариялап отырмын. Естімеген елде көп. Еліміздегі заң нормасында жетпістен асқандарды өлілер қатарына жатқызатын бап бар екен. Сөйтсек «Банкроттық туралы» заңда дәл осындай сөйлемдер жазылған.


код проигрывателя

Қазақ тілін оқыту жақсы бизнеске айналуда

Сәлем! Жұмысың сәтті жүріп жатқан болар деген ойдамын. Кезекті үнхабардың фонындағы музыкасы өзгергенін байқаған боларсың. Осы хабарда:

Еліміздегі интернет қолданушылар саны 20 пайызға жетті. Ендкі үкімет Электронды үкімет бағдарламасына күш салатын болар.

Қазақ тілін үйрету бизнесі жақсы пайда әкелуде.

Дағдарысқа орай мыңдаған студент шетелден қайтып келді?

Сурет Flickr торабының қолданушысы heardsy мұрағатынан алынды


код проигрывателя

Vox News: Асықпаған ислам банкінің қызығын көреді

Мал бауыздаушылардың есіне! Енді соятын малды арнайы орында, ветеринардың көзінше соймасаңыз, басыңыз бәлеге қалады :)
"Ислам банкингін асықпай дамыту керек" дейді, шетелден келген мамандар.
Суреттің авторы: modern_nomad (Flickr торабынан)


код проигрывателя

Nokia Қазақстан тұтынушыларының мінезіне тәнті

Ұялып жүрмін. Әлі де төселе алар емеспін. Пікір қалдырмасаңыз да, тыңдап жүргеніңізге көп рахмет! Кезекті үнхабарды ұсынып отырмын. Төмендегідей тақырыптар қамтылады.
Елімізде жоғары зейнетақы мөлшері 40 мың теңгеге жетті.
• Қазақ банктері 11 млрд. долларды қайда жұмсарларын білмей дауласуда.
• Ал Пайлық инвестициялық қорларда өсім байқалуда.
• Қазақстандықтан телефон таңдағанда не нәрсеге баса мән береді? Nokia компаниясы Қазақстан тұтынушыларының мінезіне тәнті.
Сурет Flickr торабының vermininc қолданушысының мұрағатынан алынды


код проигрывателя

Vox News: Парковка

Хабарымыздың кезекті санында Алматыда автотұрақтағы көліктер үшін төлемақыны SMS көмегімен жолдау жүйесі қосылатынын, ұрылар алматылық тұрғынның $100 мың доллардан аса сомасын жымқырып кеткенін, және "Ислам бакингінің қазақ нарқына келуіндегі қиындықтардың себебі неде?" деген тақырыптарға тоқталамыз.
Фото: moblog.kz/users/adam-kesher/146


код проигрывателя