Банкоматты қай тілде пайдаланасыз?

Екінші деңгейлі банктердің банкоматтарының қазақ тілін түсіну қиын. Ақша мәселесіне келгенде адамның алдында жауапкершілік те ұлғаяды. Қазақ тіліндегі нұсқасын түсіну мүмкін емес деген оймен аудармашының өзі Банкоматтың қазақшасын айналып өткенді қалайды. Бұл хабарда сонымен қатар, тағы мынадай тақырыптар қамтылады:
Барыс пен тигр деген монета айналымға шығарылды
Қазақ компаниясы шай қорабының сыртына Барак Обаманың елін масқаралапты
Банкоматты қай тілде қолданасыз? Қазақшасы қалай екен?
Microsoft-тың қазақ тіліндегі өнімдері сұранысқа ие емес


код проигрывателя

Есімі қазақша жазылғандарға зейнетақы қорына ақша аударылмауда

Сұмдық көкесін естіп жатырмыз. Бұрын да менің СИК атты құжатымды көргенде бухгалтерлердің төбе шашы тік тұратын. Себебі аты-жөнім түгел қазақша. Сөйтсек, қазақ әріптерін кейбір банктер қабылдамай қоятын әдет бар екен. Мәселен, Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы бір топ кәсіпкерге бірнеше ай бойы ақша соның есебінен аударылмай келіпті. Бұл жолғы үнхабардың басты жаңалығы осы.


код проигрывателя