NB! Этот подкаст на казахском языке. Я делал его для сайта neweurasia.net 2 года тому назад. Это мой первый подкаст. Качество хромает. Для того чтобы все мои подкасты не затерялись, решиль все свои подкасты на казахском выложить на podkazt.kz.
***
Алғашқы подкастингті сынап көріп жатырмын. Егер бәрі ойдағыдай болса, Германияда туып өскен қазақ қызымен болған сұхбатты тыңдай аласыздар. Алғашқы поткаст болғандықтан әлсіздеу шыққанын мойындаймын. Подкастингті жақсы меңгерген соң, сапалы радиохабарлар ұсынармын деген үміттемін.
Өзгежанмен Прагадағы Блогшыларға арналған семинарда кездестік. Ол “Жаңаеуразия” блогына ағылшын тілінде хабарлар жазып тұрады екен. Қазақ тілінде де блог ашылғанын естіп қатты қуанды. Еуропада тұрып жатқан қазақ жастары ана тілін ұмытып, еуропа мәдениетінің ықпалында кетіп бара жатыр дегенді көп еститінмін. Өзгежанды бұл жастардың санатына қосуға болмайды және ол секілді ұлтжанды жастар Еуропада көп пе деп қалдым. Еуропадағы білімді жастар секілді Өзгежан да ана тілімен қатар неміс, ағылшын, түрік, француз тілдерін еркін меңгерген. Өзінің ғылыми жұмысына Орта Азиядағы саяси өзгерістерді тақырып етіп таңдап алуды ойластырып жүр. Өзгежанның алар асуы алда деп білемін!
код проигрывателя